Қазақстандық балуан Алмат Кебіспаев Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін жерлесіміз ширек финалда кореялық Ким До Хуенгті 10:0 есебімен ұтты.

Ал алғашқы белдесуде Алмат өзбекстандық Мирзобек Рахматовты 8:3 есебімен жеңген болатын.