Қытайлық қазақ файтері Сайран Нұрданбекұлы UFC-мен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шаилан (Сайранның есімінің қытайша дыбысталуы) америкалық промоушен туы астындағы алғашқы кездесуін 23 мамырда Лас-Вегаста өткізеді. Қандасымыз UFC Fight Nights 188 турнирінде аустралиялық Джошуа Кулибаомен жұдырықтасады.

Айта кетейік, Нұрданбекұлы ММА-да 19 мәрте жеңіске жетіп, алты рет жеңілген.

Instagram желісіндегі MMA Fighters KZ парақшасының жазуынша, Сайран Іле-Қазақ автономиялық облысы, Күнес ауданында дүниеге келген.