Қазақ файтері UFC-мен келісімшартқа отырды
![Қазақ файтері UFC-мен келісімшартқа отырды](https://prosports.kz/upload/news/content//202104/201736_d84474e8c105b719aaab2fd010f6ff2e.jpg?v=28641558)
Қытайлық қазақ файтері Сайран Нұрданбекұлы UFC-мен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Шаилан (Сайранның есімінің қытайша дыбысталуы) америкалық промоушен туы астындағы алғашқы кездесуін 23 мамырда Лас-Вегаста өткізеді. Қандасымыз UFC Fight Nights 188 турнирінде аустралиялық Джошуа Кулибаомен жұдырықтасады.
Айта кетейік, Нұрданбекұлы ММА-да 19 мәрте жеңіске жетіп, алты рет жеңілген.
Instagram желісіндегі MMA Fighters KZ парақшасының жазуынша, Сайран Іле-Қазақ автономиялық облысы, Күнес ауданында дүниеге келген.