13 сәуір күні Оралда үстел теннисінен жасөспірімдер арасындағы Қазақстанның жекелей-командалық біріншілігі өтеді.

Жарысқа қатысушылар арасында ересектер арасындағы ел чемпионы Алан Құрманғалиев (Қарағанды) пен Сарвиноз Миркадырова да бар.

Сондай-ақ, осы жастағы еліміздің үздік спортшылары - Анел Бахыт, Искандер Харки, Сағантай Кұрмамбаев, Ангелина Романовская, Санжар Жұбанов, Александра Смирнова, Арай Ашкеева, Абдул - Мажит Харкилер бақ сынайды.

Чемпионат көрермендердің қатысуынсыз және барлық санитарлық талаптарға сай өтеді.