Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Андрей Голубевпен бірге Сплиттегі «Челленджер» сериясындағы турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кортта олар польшалық Шимон Валков пен Ян Зелинскимен кездесті.

Қазақстандықтар екі брейк-пойнтті орындай алды.

Матч Недовесов - Голубев жұбының пайдасына аяқталды. Матч есебі - 7-5, 6-7, 10-5.

Осылайша, Сплиттегі турнир сәтті аяқталды, Андрей Голубев маусымдағы алғашқы, Александр Недовесов төртінші титулын жеңіп алды. Олар алғаш рет бірге титул иеленді.