Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Чарльстондағы WTA турнирінің ширек финалында сүрінді, деп жазады Prosports.kz.

Отандасымыз осы кезеңге шыққаны үшін 12 мың доллар сыйақымен қатар 100 рейтингтік ұпай еншіледі.

Айта кетейік, жарыстың жалпы жүлде қоры 565 мың доллардан асады. Оның қазіргі жеңімпазы америкалық Мэдисон Кис. Ол 2019 жылғы турнирде топ жарған. Ал 2020 жылы коронавирус пандемиясына байланысты аталған жарыс өткен жоқ.