Қазақстандық Аяулым Қасымова Азия іріктеу жарысының жартылай финалында қарсыласына жол берді, деп хабарлайды Olympic.kz.

62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол жартылай финалда үндістандық Сонам Сонамға жол берді. Екеуара кездесу 9:6 есебімен аяқталып, Олимпиада жолдамасынан тыс қалды.

Айта кетерлігі, Токио Олимпиадасына финалға шыққан спортшылар жолдама алады. Жарыстың финалдық кезеңі Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18:00-де басталады.