Алматыда күрес түрлерінен Азия іріктеу турнирі аясында әйелдер арасында бәсекелер басталды, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан сапынан 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде кілемге шыққан Аяулым Қасымова жарысты жеңіспен бастады. Алғашқы белдесуінде ол коречлық қарсыласын 9:0 есебімен жеңді.

Оның келесі қарсыласы өзбекстандық Набира Есенбаева болмақ.