Алматыда күрес түрлерінен Олимпиада ойындарына Азия аймақтық іріктеу турнирі басталды. Бүгін грек-рим күресінің өкілдері бозкілемде бақ сынап жатыр.

130 келіде сынға түскен Георгий Цурцумия турнирді жеңіліспен бастады. Ол Оңтүстік Корея өкілі Ким Минсеоктан 1:6 есебімен ұтылды.

Келесі белдесуді Цурцумия Қытай балуанына қарсы өткізеді.