Грек-рим күресінен ұлттық құраманың жаттықтырушылар құрамы Алматыда өтетін Азия чемпионатына қатысуға үміткерлерді анықтады, деп жазады Prosports.kz
Бұл туралы Қазақстан күрес федерациясы өзінің Instagram-дағы аккаунтында хабарлады. Естеріңізге сала кетейік, Балуан Шолақ атындағы Алматы спорт сарайында бірнеше күннен кейін күрестен екі ірі халықаралық турнир басталады.
Сонымен, 9 - 11 сәуір аралығында Азияның лицензиялық турнирінде құрлықтың ең мықты балуандары өнер көрсетеді, содан кейін Азия чемпионаты сол жерде, 13 - 18 сәуір аралығында өтеді.
Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының құрамы
55 келі - Жансерік Сәрсенбиев
60 келі - Айдос Сұлтанғали
63 келі - Сұлтан Әсетұлы
67 келі - Алмат Кебіспаев
72 келі - Азат Садықов
77 келі - Демеу Жадраев
82 келі - Евгений Поливадов
87 келі - Азамат Кустубаев
97 келі - Ерұлан Ысқақов
130 келі - Әлімхан Сыздықов
Комментарии