Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде өтетін Израильге қарсы матчқа қатысатын Қазақстан құрамында өзгеріс болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бас бапкер Рикардо Кака Израильмен өтетін екі ойынға қосалқы тізімнен Расул Карбаев («Нұр-Сұлтан»), Жомарт Тоқаев («Атырау») және Ерсұлтан Сағындықовты («Аят») шақырды.

Қазақстан мен Израиль арасындағы ойын ертең, 9 сәуір күні өтеді. Матчты Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді.