Еуропа чемпионатына іріктеу: Қазақстан құрамында өзгеріс болды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызЕуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде өтетін Израильге қарсы матчқа қатысатын Қазақстан құрамында өзгеріс болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Бас бапкер Рикардо Кака Израильмен өтетін екі ойынға қосалқы тізімнен Расул Карбаев («Нұр-Сұлтан»), Жомарт Тоқаев («Атырау») және Ерсұлтан Сағындықовты («Аят») шақырды.
Қазақстан мен Израиль арасындағы ойын ертең, 9 сәуір күні өтеді. Матчты Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді.