Жартылай қорғаушы Александр Меркель өнер көрсететін «Әл-Фейсали Сауд Арабиясы Королі кубогының финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда «Әл-Фейсали» «Әл-Наср Риядпен» кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ойындағы жалғыз голды 84-минутта Жулиу Тавареш соқты.

Александр Меркель матчта 90 минуттың бәрін ойнады.

Турнир финалында Меркельідң командасы «Әл-Таавунмен» кездеседі.