«Манчестер Юнайтед» футболшылары Англия чемпионатының 30-турында «Брайтонды» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

13-минутта «Брайтон» ойыншысы Дэнни Уэлбек есеп ашқан. Бірақ екінші таймда Маркус Рэшфорд пен Мэйсон Гринвуд гол соғып, алаң иелері жеңіске жетті - 2:1.

Осы жеңісінен кейін манчестерлік клуб турнир кестесінде екінші орында тұр.

Футболдан Англия чемпионаты. Премьер-лига. 30-тур«Манчестер Юнайтед» (Манчестер) – «Брайтон энд Хоув Альбион» (Брайтон энд Хоув) 2:1 (0:1)Голдар: 0:1 – Уэлбек (13), 1:1 – Рашфорд (62), 2:1 – Гринвуд (83)

Фото rte.ie