Қазақстандық боксшы Фируза Шарипова қала күніне орай Нұр-Сұлтанда өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшының менеджері Сергей Завилейскийдің айтуынша, қазірдің өзінде елорда күніне орай бокс кешін өткізу туралы келісім бар.

Ол сондай-ақ, Фируза Нұр-Сұлтандағы жекпе-жекке дейін Ресейде тағы бір кездесу өткізуі мүмкін екенін айтты.

Айта кетейік, кеше Шарипова Қазанда ресейлік Юлия Чернобородованы жеңді.