Қазақстандық кәсіпқой боксшы Тұрсынбай Құлахмет (3-0, 1КО) Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында Дубайда венесуэлалық Хебер Рондонмен (20-1, 13КО) өткен жекпе-жегі туралы айтты.

- Тұрсынбай, жарқын жеңістен кейінгі сезім қандай?

- WBC International титулымды сәтті қорғадым. Кәсіби бокста алғаш рет нокаутпен жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Нәтижеге де, рингтегі өнеріме де риза болдым айта аламын.

- Жекпе-жек тез аяқталады деп күткен жоқсыз ба?

- Жоқ, мүлдем күтпедім. Ондай ой да болған емес. Хебер Рондон қарсылас ретінде таңдалған кезде біз аяғына дейін созылатын жекпе-жекке дайындалдық. Оның үстіне оның кәсіби рекорды - 20:0 еді. Бірақ, бокста жекпе-жек тағдырын бір соққы шешіп кететін кез де болады.

- Бапкеріңіз Джейми Мур жеңісті қалай қабылдады?

- Өз халқымның, команданың, атап айтқанда жаттықтырушы Джейми Мурның сенімін ақтағаныма қуаныштымын. Әрине, ол мен үшін қуанды. Тыңғылықты дайындағаны үшін ол кісіге ризамын.

Еске салайық, кеше Дубайда Тұрсынбай Құлахмет мансабында жиырма жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен венесуэлалық Хебер Рондонды нокаутқа жіберген болатын. Бұл күні Жанқош Тұраров та рингке шығуы керек еді, бірақ қазақстандыққа коронавирус диагнозы қойылды.