BRAVE CF промоушені қазақстандық Константин Солдатов (5-2) пен швециялық файтер Антон Туркаль (7-0) жекпе-жегінде рекорд орнағанын мәлім етті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық пен швед арасындағы жекпе-жек бүгін түнде Бахрейнде BRAVE CF 50 турнирі аясында өткен. Солдатов 13 секундта жеңіліп қалды.

«Рекорд! BRAVE CF тарихындағы ең жылдам нокаут!!», — деп жазды промоушен Инстаграм-парақшасында.