1 сәуірде Филадельфияда (АҚШ) жергілікті Cage Fury Fighting Championships промоушенінің кеші өтті. Басты жекпе-жектердің бірінде америкалық Девин Гудейл мен 2012 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы канадалық файтер, танымал балуан Хетаг Плиев кездесті, сообщает Prosports.kz.

Өкінішке қарай, кездесу жанкүйерлер есінде тартысты төбелеспен емес, екінші раундта болған жантүршігерлік оқиғамен қалады. Девин Гудейл Плиевтің қолын қатты қысып қалған, сол үшін төрешіден ескерту алған еді. Екінші кезең біткен соң канадалық файтер қолғабын шешіп, сол қолында бір саусақ жоқ екенін байқаған.

Сол сәтте октагонға медициналық бригада көтерілді. Спортшының саусағы ұзақ уақыт табылмады, сөйтсе, қолғап ішінде қалып кеткен.