Әйелдер күресінен Қазақстан сапынан Азия құрлықтық іріктеу турниріне қатысатын спортшылар тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Балуандар бәсекесі 9 сәуір күні Алматыда басталады.

Токио Олимпиадасынының жолдамасы үшін келесі спортшылар бақ сынайтын болады:

- Татьяна Ахметова (53 келіге дейінгі салмақ дәрежесі);

- Эмма Тисина (57 келіге дейінгі салмақ дәрежесі);

- Аяулым Қасымова (62 келіге дейінгі салмақ дәрежесі);

- Жамиля Бақбергенова (68 келіге дейінгі салмақ дәрежесі)