31 наурыздан 1 сәуірге қараған түні Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Украина командасымен сырт алаңда ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу Киевтегі «Олимпийский» стадионында өтеді. Ойынға көрермендер кіре алмайды.

Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 00:45-те басталады. Тікелей эфир QazSport телеарнасында қол жетімді болады.

Бірінші турдағы матчта Талғат Байсуфинов шәкірттері Франция құрамасынан жеңіліп қалды. Украиндар екі рет тең ойнады - Франциямен және Финляндиямен. Екі ойын да 1:1 есебімен аяқталды.

Видео. Қазақстан құрамасы Киевте жаттығу өткізді

Қожабергенов Қазақстан құрамасының ойынына жоғары баға берді

Қазақстан құрамасының футболшысы италиялық «Аталанта» қатарына қосқысы келетін футболшылар тізіміне енді

Мас шенеунік жарақат алған Зайнутдиновке қысым жасады ма?

Зайнутдинов жарақат алғанын растады