«Спортинг» футзалдан Португалия лигасы кубогының финалында «Бенфикадан» басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 6:2 есебімен аяқталды.

Жеңімпаздар сапында Мерлим, Роча, Зики (дубль), Паулета мен Жоао Матош көзге түсті.

Айта кетейік, «Спортинг» сапында Қазақстан құрамасының ойыншысы Тайнан өнер көрсетеді.