Қазақстан чемпионатының 1/2 финалына шыққан командалар анықталды, деп жазады Prosports.kz.

«Атырау» командасы «Бәйтерекпен» болған екінші матчта 6:4 есебімен жеңіске жетті. Сериядағы қорытынды есеп - 2:0.

«Аят» елордалық «Нұр-Сұлтаннан» 5:2 есебімен басым түсіп, жартылай финалда бақ сынауға мүмкіндік алды.

Еске алайық, бұған дейін үздік төрттіктің қатарына ел чемпионы «Қайрат» пен «Ақтөбе» кірген еді.