2022 жылғы әлем чемпионаты іріктеу турнирінде Украина Киевте Финляндия құрамасымен тең түсті - 1:1, деп хабарлайды Prosports.kz.

80-минутта Жуниор Мораес украиналықтарды алға шығарды. 88-минутта Виталий Миколенко айып алаңында ойын тәртібін бұзып, қызыл қағаз алды. Финндер сапында Теему Пукки пенальтиден таразы басын теңестірді.