Армения құрамасы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Исландиямен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ереванда өткен ойында алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Қос голды «Астана» жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян мен Хорен Байрамян соқты.

Осылайша, Армения құрамасы алғашқы екі ойында 6 ұпай жинап, J тобында көш бастады.