27 наурызда Екатеринбургте RCC Boxing Promotions ұйымдастыратын бокс кеші өтеді. Оған қазақстандық боксшы Станислав Калицкий (10-1, 3 КО) қатысады. Турнир алдында ивент қатысушылары салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Калицкийдің қарсыласы ресейлік Павел Маликов (16-3-1) болады. Екі боксшы да таразыда 59,8 келіні көрсетті. Боксшылар сегіз раунд жұдырықтасады.

Кештің басты жекпе-жегінде ресейлік Евгений Тищенко (8-0) мен WBC күміс чемпионы Табисо Мчуну жұдырықтасады. Боксшылар міндетті үміткер мәртебесін сарапқа салады.

Жалпы бұл турнирде төрт титулды жекпе-жек өтеді.