27 наурызда Екатеринбургте RCC Boxing Promotions компаниясы ұйымдастырған кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Аталған кеш аясында қазақстандық боксшы Станислав Калицкий (10-1, 3 КО) шаршы алаңға шығады.

Екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін жерлесіміз ресейлік 35 жастағы боксшы Павел Маликовпен (16-3-1, 6 КО) жұдырықтасады.

Екатеринбургтегі бокс кешінде төрт титулды жекпе-жек өтеді. Оның бастысы WBC Silver титулы үшін ресейлік Евгений Тищенко мен оңтүстік африкалық Табисо Мчуну арасындағы жекпе-жек.

Турнир қарсаңында қатысушылар міндетті салмақ өлшеу рәсімінен өтеді. Рәсім барысында қарсыластар өзара көз арбасады. Іс-шараның тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 14:00-де басталады.