Қазақстандық файтер Георгий Кичигин (24-7) мамыр айында өтетін кештің басты жекпе-жегінде өнер көрсетеді, деп жазады Prosports.kz.

Жартылай орта салмақта бақ сынайтын жерлесіміз ACA рейтингісінің бесінші нөмірі, бразилиялық Элиас Сильвериомен (17-6-1) бес раундтық жекпе-жек өткізеді. Дереккөздің хабарлауынша, бұл жекпе-жек 28 мамырға жоспарланған кештің басты кездесуі болуы мүмкін.

Еске сала кетейік, Кичигин осы жылдың ақпан айында ACA 118 турнирінде төрешілердің шешімімен Гаджимурад Хирамагомедовке есе жіберді. Сильверио да соңғы жекпе-жегінде жеңіліске ұшырады. Ол ACA 117 турнирінде төрешілердің шешімімен Али Баговтан жеңілді.