Рахмоновтың менеджері Саят Абдрахмановтың айтуынша, Шавкаттың АҚШ-қа жұмыс визасы бар. Ол бұл туралы ERKINKUSH MMA арнасына берген сұхбатында айтты.

Сонымен қатар, Номадта наурыз айының соңында жекпе-жек өткізетін мүмкіндік болған. Абдрахмановтың айтуынша, олар бұл кездесуден бас тартқан. Өйткені қарсыластың деңгейі тыңғылықты дайындалуды қажет етеді, сондықтан қысқа уақытта мұндай жекпе-жекке тәуекел етпеген. Сәуірде қасиетті Рамазан айы басталады, ол мамырдың ортасына дейін жалғасады. Менеджердің айтуынша, сондықтан Рахмоновтың келесі жекпе-жегі маусым-шілде айларында өтеді.

Prosports.kz-тің виза алу және алдағы жоспарлар туралы сұрағына Рахмонов қазіргі уақытта оның қолында америкалық визасы бар төлқұжаты жоқ екенін айтты.

«Төлқұжатымды әлі қолыма алған жоқпын бірақ виза бекітілген секілді. Қазір бізде Наурыз, мен демалып жатырмын, келесі жекпе-жекті жазда өткізуді жоспарлап отырмын. Шетелде оқу-жаттығу жиынын өткізу? Иә, мұндай жоспарымыз бар», - деді Рахмонов.

Айта кетейік, жартылай орта салмақтағы бұрынғы М-1 чемпионы Шавкат Рахмонов UFC-дегі алғашқы кездесуін былтыр қазан айында өткізді. Басты жекпе-жегінде Нурмагомедов пен Гейджи жұдырықтасқан UFC 254 турнирінде жерлесіміз бразилиялық Алекс Оливейраны бірінші раундта жеңген болатын.