Минскіде өткен ойын 80:78 (24:24, 19:16, 19:11, 18:27) есебімен қазақстандық команданың пайдасына аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесудің ең нәтижелі ойыншысы 22 ұпаймен «Астана» көшбасшысы Джеремайя Хилл болды.

Қазақстандық клуб үшін бұл ВТБ Біріккен лигасындағы бесінші жеңіс. Он үш мәрте жеңілген.

Турнир кестесінде «Астана» он бірінші, «Цмоки» соңғы 13-орында.

25 наурызда «Астана» бесінші орында тұрған Польша чемпионы «Зелена Гуруды» қабылдайды.