Венгрияның Дьер қаласында гандболдан әйелдер командасы арасында Олимпиадаға іріктеу турнирі өтіп жатыр. Өкінішке қарай, Қазақстан командасы екі матчда да жеңіліс тапты деп жазады Olympic.kz.

Бірінші кездесуде қазақстандықтар жарыс қожайыны Венгриядан 19:46 есебімен ойсырай ұтылған болатын. Екінші кездесуде Ресей командасымен кездескен Қазақстан құрамасы 26:33 есебімен жеңілді.

Айта кетелік, Токио Олимпиадасына іріктеу турнирінде Қазақстан Венгрия, Ресей, Сербиямен бір топта сынға түсуде. Екі матчта жеңіске жеткен Венгрия мен Ресей командаларында төрт ұпайдан бар.

Жарыс ережесі бойынша, топта үздік атанған екі команда Олимпиадаға аттанады.

Осылайша, Ресей мен Венгрия құрамасы лицензияға иелік етті.