20 наурызда Алматыда, Нұр-Сұлтанда және Оралда футболдан Қазақстан чемпионатының 2-турының матчы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оралдың «Ақжайық» командасы ғана өз алаңында «Атырауды» қабылдайды. Талдықорғандық «Жетісу» мен «Ақтөбе» сәйкесінше Алматыдағы «Жас Қыран» стадионында Түркістанның «Тұран» және Қостанайдың «Тобылымен» ойнайды, ал қарағандылық «Шахтер» елордадағы «Астана Аренада» шымкенттік «Ордабасымен» кездеседі.

14:00. «Жетісу» (Талдыкорған) – «Тұран» (Түркістан)

16:00. «Ақжайық» (Орал) – «Атырау»

16:00. «Шахтер» (Қарағанды) – «Ордабасы» (Шымкент)

19:00. «Ақтөбе» – «Тобыл» (Қостанай)