Биыл Екінші лигада бақ сынайтын «SD Family» клубының басшысы Дидар Сыдықбек Қазақстан құрамасы мен «Астананың» бұрынғы ойыншысы Бауыржан Жолшиевті командасына шақырды. Бұл туралы Meta-ratings.kz сайты хабарлады.

«SD Family» командасы Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Бауыржан Жолшиевті қатарына қуана-қуана қосатынын мәлімдеді. Әзірге футболшы бір жауабын айтпаған.

Айта кетейік, Бауыржан Жолшиев соңғы рет жасыл алаңға 2015 жылы шыққан. Ол УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі «Галатасарайға» қарсы матчтан соң футболдан қол үзіп қалды.