«Атырау» футбол клубына жаңадан үш ойыншы ауысып келді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы атыраулық клубтың сайты хабарлады.

Алекс Кристиан Джуниор - 27 жаста, қорғаушы, Гаити ұлттық құрамасының футболшысы. Өткен маусымда Алекс Кристиан «Арарат-Армения» сапында 34 матч өткізді. Ол Армения чемпионатының екі дүркін жеңімпазы. Бұған дейін Португалияның «Боавишта» және «Вила Реал», сондай-ақ америкалық «Ньюарк» клубтарында ойнаған.

Петар Кунич - 27 жаста, шабуылшы, Босния және Герцеговина азаматы. Ойыншының соңғы клубы босниялық "Зрински" болды. Аталған команда сапында ол 2020/21 жылғы маусымда 11 матчқа қатысып, екі гол соқты.

Доньет Шкодра - 31 жаста, қорғаушы, Бельгия азаматы. Ол бұған дейін қазақстандық екі клубта өнер көрсеткен. 2019 жылдың ақпанында қарағандылық «Шахтерге» ауысып, 28 матчқа қатысты. Кейін талдықорғандық «Жетісудың» жейдесін киді. Онда 17 ойынға қатысты.