Қазақстан құрамасының әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Францияға қарсы матчы көрерменсіз өтеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Сархат Бейсенов мәлімдеді.

Sputnik Қазақстан басылымының сауалына Сархат Бейсенов «матчқа көрермендердің келуіне рұқсат жоқ» деп жауап қатты.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 28 наурызда Францияға, ал 31 наурызда Украинаға қарсы ойнайды.