BI-Group компаниясы Түркістанда салынған су жаңа стадионның сапасына қатысты айтылған сынға жауап берді.

– Құзырлы органдардың сараптамасынан өткен жоба бойынша, дренаж жүйесін орнатуды үшінші тарап жүзеге асырды. Қазіргі уақытта объектінің кепілдік қызметі аясында барлық проблемалар жойылды, стадион қалыпты режимде жұмыс істейді, - деп түсіндірді BI-Group.

Айта кету керек, матч барысында оңтүстік өңірде қатты нөсер болды. Сонымен қатар, 13 наурыз «Қазгидрометтің» хабарлауынша, бір тәулікте жауын-шашынның айлық нормасынан артық жауын-шашын болған.

Түркістандағы стадион 7000 көрермен сыйдырады. Алаңның құрылысын салу үшін 17 миллиард теңге жұмсалған.

«Масқара-Арена» ма, әлде масқара шешім бе? Кәсіпқой футбол лигасы Түркістандағы матчты өткізуге қалайша рұқсат берді?