Далласта (Техас, АҚШ) өтіп жатқан бокс кеші аяқталды, жазады Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде мексикалық Хуан Франсиско Эстрада мен никарагуалық Роман Гонсалес кездесті. Бұл жекпе-жекте екінші жеңіл салмақтағы WBC және WBA титулдары сарапқа салынды.

Айта кету керек, бұл боксшылар арасындағы екінші жекпе-жек. Біріншісінде, осыдан тоғыз жыл бұрын, Роман Гонсалес ұпай санымен жеңіске жеткен болатын.

Ал реванш керемет болды нәтиже керісінше болды. Жекпе-жек соңына дейін созылып, төрешілердің шешімімен Хуан Франсиско Эстрада жеңіске жетті. (117:111, 115:113, 113:115). Осылайша, мексикалық боксшы бірінші жекпе-жектегі жеңіліс үшін есе қайтады.