Аты аңызға айналған боксшы Марвин Хаглер 66 жасында АҚШ-та қайтыс болды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы оның әйелі спортшының Facebook желісіндегі фан-клуб парақшасында хабарлады.

«Сіздерге қайғылы хабар жеткізуге мәжбүрмін. Өкінішке орай, бүгін менің сүйікті күйеуім Марвин күтпеген жерден Нью-Гэмпширдегі үйінде қайтыс болды», - деп жазды Кей Хаглер.

Бұған дейін Хаглерді тыныс алуының қиындауы және кеудесіндегі ауырсынуға байланысты ауруханаға жеткізгені туралы ақпарат шыққан.

Марвин бокс тарихындағы ең атақты боксшыларды бірі. Ол орта салмақта абсолютты әлем чемпионы болды. 1993 жылы оның аты Халықаралық бокс даңқ залына жазылды.