10-14 наурыз аралығында Кельн қаласында өткен халықаралық турнирде қазақстандық боксшылар командалық есепте бірінші орын иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жерлестеріміз 6 медаль жеңіп алды, оның ішінде 2 алтын және 4 күміс медаль. Ұлттық құрамаға сапынан Айбек Оралбай (91 келі) мен ауыр салмақтағы команда капитаны Қамшыбек Қоңқабаев алтын жүлде еншіледі.

Күміс жүлдегерлер: Сәкен Бибосынов (52 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Ертуған Зейнуллинов (63 кг), Нұрбек Оралбай (81 кг).