Бокстан Германияның Кельн қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде қазақстандық Сәкен Бибосынов күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

52 келідегі ақтық сында Сәкен Бибосынов пен франциялық Беннам Біләл кездесіп, Бибосынов қарсыласына есе жіберді.

Айта кетелік, 2020 жылы Амманда өткен лицензиялық турнирде Бибосынов Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алған еді.