«Астана» нөсер жаңбыр астында Премьер-Лиганың бірінші турында «Тұран» командасымен кездесті. Кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды. Түркістандағы даулы матчтан кейін «Астананың» вице-капитаны Антонио Рукавина эмоциясын білдірді, деп жазады Prosports.kz елордалық клубтың ресми сайтына сілтеме жаап.

- «Тұран» командасын осындай «футбол алаңындағы» күресте бір ұпай жеңіп алғанымен құттықтағым келеді. Бүгінгі ойыннан кейін мен қазақстандық футбол лигасының мүшесі болғаныма ұяламын. Екі ұпай жоғалтқанымыз үшін емес. Барлығы 40 миллион еуро тұратын стадионның кесірінен. Бүгін - ертең бұл матчты бүкіл әлем көреді, бүгін қазақстандық футбол масқара болды. Көпке күлкі болдық.

Қазақстандық футболды әлемге танытқан «Астана» футбол клубы Футбол федерациясына не жазғанын түсінбеймін?!

Бірақ футболды сүйетін барлық қазақстандықтар үшін басты сұрақ: біз дұрыс жолдамыз ба және осындай матчтарға лайықпыз ба?