Елордадағы «Дәулет» спорт комбинатында теннистен Қазақстан қысқы чемпионаты мәреге жетті.

Бір аптаға созылған додаға еліміздің өңірлерінен 100-ден астам спортшы қатысып. Олардың арасында болашақ Қазақстан жұлдыздарымен қатар Алексей Кедрюк пен Дмитрий Макеев сынды ардагерлер де болды.

Ерлер арасында жекелей сында Достанбек Ташболатов пен Григорий Ломакин бас жүлдені сарапқа салды. Бұл сында Шымкент теннисінің түлегі Д.Ташболатов матчты жеңіске жетті.

Ислам Орынбасарды 6:3, 4:6, 6:1 есебімен тізе бүктірген Ерасыл Ерділда қола жүлдеге ие болды.

Әйелдер арасында финалда 2016 жылы Қазақстан қысқы чемпионатында озық шыққан Гөзал Айнитдинованы 16 жастағы Аружан Сағындықова чемпион болды.

Ульяна Романованы 6:1, 6:2 есебімен ұтқан Жанел Рүстемова үздік үштікті түйіндеді.

Жеңімпаз-жүлдегерлер кубок, медаль, дипломнан басқа Қазақстан теннис федерациясынан жарыстарға қатысуға мүмкіндік беретін гранттар алды. Жекелей сын жеңімпаздары 5 мың, күміс жүлдегерлер 3 мың, үшінші орын иеленгендер 2 мың АҚШ доллары көлемінде грантқа қол жеткізді.