Германияның Кельн қаласында басталған бокстан халықаралық турнирде Сәкен Бибосынов пен Айбек Оралбай жартылай финалға жолдама алды деп жазады Olympic.kz.

52 келідегі Сәкен Бибосынов Германия спортшысын жеңсе, 91 келідегі Айбек Оралбай Бельгия боксшысынан басым түсті.

Ал 69 келіде сынға түскен Асланбек Шымбергенов ширек финалда шаршы алаң иесіне есе жіберді.