Қазақстандық кәсіпқой боксшы Виктор Коточигов (12-1, 5 КО) жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті.

12 наурызда өтетін Болтондағы бокс кешінде Виктор Коточигов ирландиялық Гэри Каллинге (11-0, 5 КО) қарсы жұдырықтасады. Боксшылар жеңіл салмақтағы WBO тұжырымының Еуропаның чемпионы белбеуі үшін қолғап түйістіреді.

Бүгін қос боксшы салмақ өлшеп, екеуі белгіленген көрсеткіштен аспады.

Еске салайық, 27 жастағы Виктор Коточигов соңғы жекпе-жегін тамызда Дубайдағы бокс кешінде өткізіп, британиялық Макси Хьюзден (22-5-2, 4 КО) жеңілді.