Чемпиондар лигасы 1/8 финалының қарымта кездесуінде «Ливерпуль» германиялық «РБ Лейпцигті» 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матчтың 70-минутында Мохамед Салах есеп ашты. Төрт минуттан соң Садио Мане есепті еселеді.

Бірінші матчта да «Ливерпуль» 2:0 есебімен жеңген еді. Осылайша, ағылшын клубы Чемпиондар лигасының ширекфиналына жолдама алды, ал «РБ Лейпциг» турнирдегі жарыс жолын тоқтатты.

«Ливерпуль» (Англия) – «РБ Лейпциг» (Германия) - 2:0 (0:0)

Голдар: 1:0 - Салах (70), 2:0 - Мане (74)