Чемпиондар лигасы 1/8 финалында «Пари Сен-Жермен» «Барселонамен» тең тарқасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матчтың 30-минутында Килиан Мбаппе пенальтиден гол соқты. Жетінші минутында Лионель Месси әдемі голмен таразы басын теңестірді. Бірінші тайм аяқталар сәтте Месси каталониялықтарды алға шығаруға жақын болған еді, бірақ пенальтиден гол соға алмады. Матч 1:1 есебімен аяқталды.

Еске салайық, Испанияда өткен алғашқы матчта ПСЖ 4:1 есебімен жеңген еді. Сол ойында Килиан Мбаппе хет-трик жасаған, Мойзе Кин мен Лионель Месси бір голдан соққан болатын. Екі ойынның қорытындысы бойынша франциялық клуб ширек финалға шықты.

ПСЖ (Франция) – «Барселона» (Испания) - 1:1 (1:1)

Голдар: 1:0 – Мбаппе (30), 1:1 – Месси (37)