Томас Бах Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) президенті болып қайта сайланды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Inside the Games басылымына сілтеме жасап.
Бах президент қызметіне жалғыз кандидат болды. ХОК 137-сессиясында оған 93 адам дауыс берген ХОК-тың бір мүшесі қарсы болған.
Бахтың президент қызметіндегі жаңа мерзімі биыл 23 шілде мен 8 тамыз арасында өтетін Токио Олимпиадасынан кейін басталады.
67 жастағы германиялық заңгер Томас Бах - ХОК президенті болған тоғызыншы адам. Ол комитетті 2013 жылдан бері басқарып келеді.
Комментарии