Қазақстандық таеквондошы Руслан Жапаров Болгарияның София қаласында өткен G1 рейтингтік турнирінің қола медалін иеленді.

«Біз пандемияға байланысты 15 ай бойы жарыстарға қатысқан жоқпыз. Бізде спорттық мансапта мұндай үзіліс болған емес. Сондықтан, бұл атмосфераны қайта сезіну өте жағымды. Мен турнирге «алтын» үшін келдім, бірақ үшінші болдым. Бұл жаман емес. Ең қиыны жартылай финал болды.

Барлығы ойдағыдай жүріп жатты, бірақ мен біраз босадым, бұл соңғы нәтижеге әсер етті. Біздің санаттағы кейбір көшбасшылар ширек финалда сүрінді. Бұл үзіліс барлығына оңай болған жоқ сияқты. Менің мақсатым – Олимпиадаға жолдама алу. Лицензиялық турнирге екі ай қалды. Сол үшін мен мұқият дайындалуым керек», - деді Жапаров.