Ресей құрамасы футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде қатарынан төртінші жеңіске жетті. Ресейліктер Франция құрамасын бес күн ішінде екінші рет ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қарсыласын 5:1 есебімен тас-талқан етіп ұтқан Ресей құрамасы 12 ұпай жинап, Грузия құрамасынан 8 ұпай озып, 2-топта сенімді көш бастады.
10 наурызда Грузия құрамасы Армения құрамасымен матч өткізеді.
2022 жылғы футзалдан Еуропа чемпионаты. Іріктеу кезеңі. 2 топ
Ресей - Франция 5:1 (1:1)
Гол соққандар: 1:0 - Абрамов (13), 1:1 - Де Са Андраде (13), 2:1 - Котляров (29), 3:1 - Афанасьев (32), 4:1 - Котляров (38), 5 :1 - Давыдов (39)
Комментарии