Еуропа чемпионатына іріктеу: Ресей құрамасы Францияны ұтты
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызРесей құрамасы футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде қатарынан төртінші жеңіске жетті. Ресейліктер Франция құрамасын бес күн ішінде екінші рет ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қарсыласын 5:1 есебімен тас-талқан етіп ұтқан Ресей құрамасы 12 ұпай жинап, Грузия құрамасынан 8 ұпай озып, 2-топта сенімді көш бастады.
10 наурызда Грузия құрамасы Армения құрамасымен матч өткізеді.
2022 жылғы футзалдан Еуропа чемпионаты. Іріктеу кезеңі. 2 топ
Ресей - Франция 5:1 (1:1)
Гол соққандар: 1:0 - Абрамов (13), 1:1 - Де Са Андраде (13), 2:1 - Котляров (29), 3:1 - Афанасьев (32), 4:1 - Котляров (38), 5 :1 - Давыдов (39)