Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) келесі жекпе-жегін қайда өткізетінін мәлімдеді.

Боксшының сөзінше, ол алдағы айқасын АҚШ-та өткізуді жоспарлап отыр. Қарсыласы ресейлік Евгений Шведенко (15-0, 6 KO) болады деп күтілуде.

Айта кетейік, Айдос Ербосынұлы соңғы жекпе-жегін былтыр желтоқсан айында өткізді. Онда жерлесіміз ганалық Исса Самирді нокаутпен жеңген болатын.